ШҚО-да бір ай ішінде 40-қа жуық есірткі құқықбұзушылығы тіркеліп, 20 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды F16.kz.
Облыс аумағында 1 маусым есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру, тасымалдау мен таратуға тосқауыл қою мақсатында «Қарасора-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
Шара барысында психотроптық заттарды таратқан бірнеше адам ұсталып, мефедрон және альфа-ПВП тәркіленген.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлері есірткі өсіру мақсатында жабдықталған фитозертханаларды жойды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
«Қарасора-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.




