Шығыс Қазақстан облысында мектеп автобустарының паркі жаңартылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Окасов мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Басқарма басшысының айтуынша, арнайы лизингтік бағдарлама аясында өңірге шамамен 100 жаңа мектеп автобусы сатып алу жоспарланып отыр. Мұндай шешім оқушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға бағытталған.
Бүгінде өңірдегі мектеп автобустарының басым бөлігі ескірген. Олардың дені 15-20 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді, сондықтан жаңарту мәселесі күн тәртібіне қойылған.
Қазір облыстағы 103 білім мекемесінде 127 автобус бар. Олар күн сайын шамамен 4,5 мың оқушыны тасымалдайды. Жаңа автобустарды сатып алу арқылы біз мектептердің автопаркін айтарлықтай жаңартып, балалардың қауіпсіздігін арттырамыз, — деді Қуат Оқасов.




