F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бүгіннен бастап арнайы режим енгізілді — ШҚО

F16 F16
13.04.2026, 16:55
Жаңалықтар, Төтенше жағдай
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Шығыс Қазақстан облысында 13 сәуірден бастап ресми түрде өрт қауіпі жоғары маусым басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.

Өрт қауіпсіздігі бойынша брифингте ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов өңірдің табиғи ерекшелігі мен орманды алқаптың басым болуы өрт қаупін арттыра  түсетінін атап өтті. Сондықтан қазір облыста өртке қарсы кешенді дайындық жұмыс толыққанды жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстанда барлығы 13 орман шаруашылығы, екі мемлекеттік табиғи қорық және бір ұлттық парк жұмыс істейді. Табиғи аумақтарды қорғау және өрттің алдын алу үшін 48 орман өрт сөндіру станциясы мен «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің бөлімшелері жұмылдырылған.

Қазір өңірде 1329 қызметкер, 249 техника, оның ішінде 128 өрт сөндіру автокөлігі кез келген төтенше жағдайға дайын тұр. Сонымен қатар құтқару бөлімшелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Қауіп жоғары аймақтарда бақылау дрон арқылы да жүргізіледі.

Кейінгі жылдары Қазақстанда орман және дала өрттерінің бір бөлігі климаттық факторларға байланысты көбейгені байқалады. Әсіресе құрғақшылық пен аптап ыстық өрт қаупін арттыратын негізгі факторлардың бірі болып отыр.

Мамандардың мәліметінше, орман өртінің табиғи себептері де бар. Оның ішінде төтенше жағдайдың дені найзағайдан болады. Дегенмен статистикада адам факторы әлі де басты қауіп көзі ретінде қалып отыр.

Осыған байланысты ТЖД тұрғындарға өрт қаупі жоғары кезеңде бірқатар ережені есте сақтап, тыйымдарды қаперде ұстауды ескертті. Атап айтқанда, орман және далада от жағуға, темекі тұқылын тастауға, жанғыш қалдықтарды бей-берекет қалдыруға, рұқсат етілмеген жерде мангал пайдалануға қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар шөп өртеуге мүлде рұқсат жоқ.

Қоқыс өртеу тек арнайы талаптарды сақтаған жағдайда рұқсат етіледі: желсіз ауа райында, ғимараттан алыс жерде жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай жұмыстар кезінде өрт сөндіру құралдарының (су, құм, өрт сөндіргіш) болуы міндетті.

Статистикалық деректер көрсеткендей, ауылды жерлердегі өрттің едәуір бөлігі тұрмыстық қоқысты бақылаусыз жағу салдарынан туындайды.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтетін сенбілік кезінде де қауіпсіздік талаптарын сақтау ерекше маңызды. Мамандар жиналған қоқысты тек арнайы белгіленген, құрғақ және қауіпсіз аумақта өртеуді, тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықты сақтауды ескертеді.

Өрт сөндіру қызметі отты қараусыз қалдыруға, балалардың отпен ойнауына жол бермеуге және құрғақ шөп пен жапырақты бей-берекет өртеуге болмайтынын еске салды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу әкімшілік жауапқа тартумен ғана шектелмейді, кей жағдайда кінәлі адам қылмыстық жазаға тартылуы да мүмкін, — деді Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және өрттің алдын алуға бағытталған шараларға жауаптылықпен қарауға шақырады.

Тегтер: TopҚауіпсіздікөрт қаупітілсіз жауШҚО ТЖД
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған