F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да 2030 жылға дейін 670 МВт-тан астам жаңа энергетикалық қуат іске қосылады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
16.06.2026, 12:34
Жаңалықтар
ШҚО-да 2030 жылға дейін 670 МВт-тан астам жаңа энергетикалық қуат іске қосылады

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде энергетика секторын жаңғырту және дамыту мәселелері бойынша жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Өңірдің энергетикалық кешеніне 10 энергия көзі кіреді, оның ішінде 7 су электр станциясы және 3 жылу электр орталығы бар. Олардың жиынтық орнатылған электр қуаты – 1 585,9 МВт. Осы жылдың 4 айында электр энергиясын өндіру көлемі 2,6 млрд кВт·сағатты құрады.

2030 жылға дейін жалпы қуаты 670,6 МВт болатын жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде қолданыстағы энергия көздерін жаңғырту есебінен 162 МВт, ал жаңа нысандарды пайдалануға беру арқылы 508,6 МВт қуат енгізіледі. Электр желілерінің тозу деңгейін төмендету табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда, — деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Наурызбай Сармурзин.

Электр энергиясын кепілді жеткізуші және электр желілерін тасымалдаушы ұйым – «БЭСК» АҚ-ның 2026 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 131,8 шақырым электр беру желісін жаңғырту және салу, қосалқы станциялардың 96 жабдығын жаңарту көзделген. Сонымен қатар жоспарлы-алдын алу жұмыстары аясында 736,9 шақырым электр беру желісіне және қосалқы станциялардың 140 жабдығына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша электр желілерінің тозу деңгейі шамамен 0,5 пайызға төмендейді. Облыс әкімі аталған басқарма басшысына 2026-2030 жылдарға арналған Шығыс Қазақстанның электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту жоспарларының іске асырылуын қамтамасыз етіп, Өскемен қосалқы станциясынан Тұғыл ауылына дейін 220 кВ әуе электр жеткізу желісін салу мәселесін пысықтауды ерекше бақылауға алу міндетін қойды.

Қалалар мен аудандар әкімдіктері иесіз электр желілерін электр энергиясын тасымалдаушы ұйымдардың теңгеріміне беру мәселесін пысықтауы тиіс. Бүгінде электрмен жабдықтау жүйесін дамыту өңірдің энергиямен қамтылу сенімділігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Облыстың энергетикалық әлеуетін толық іске асыру үшін инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып, энергия көздері мен электр желілерін жаңғыртып, энергия ресурстарын басқарудың заманауи технологияларын енгізу қажет, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Тегтер: TopШҚО әкіміэлектр энергиясы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған