F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да 2030 жылға қарай 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тарту көзделіп отыр

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
27.08.2026, 14:17
Басты, Жаңалықтар
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезекті 30-шы сессиясы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, депутаттар, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды F16.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессияда ШҚО әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөнінде есеп берді.

Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер оң серпінді көрсетіп отыр. Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы шамамен 15%-ға өсті. Орташа айлық жалақы 8%-ға артты. Жұмыссыздық деңгейі 4,6%-дан аспайды. 11 мың жұмыс орны құрылса, оның 8 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындары. Стратегиялық міндетіміз – өсімнің жаңа негіздерін қалыптастырып, қайта өңдеу ауқымын кеңейту және өнеркәсіптің жаңа бағыттарын жүйелі түрде дамыту, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Экономиканы әртараптандыру өңірдің инвестициялық саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Облыстық жобалар портфеліне 12 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 1,5 трлн теңгеге 103 бастама енгізілген. Осы жылы 12 объектіні пайдалануға беру және 1 300 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Агроөнеркәсіптік кешен тұрақты өсім көрсетуде. Өндіріс көлемі 3%-ға өсіп, 181 млрд теңгені құрады. Ет өндірісі 4%-ға, сүт өндірісі 5%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 221 млн АҚШ долларын құрады, ал оның құрылымындағы терең өңделген өнім үлесі 69%-дан 77%-ға дейін өсті.

Шығыс Қазақстанда 961 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша оның 408,4 мың шаршы метрі пайдалануға берілмек. Халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін 701 пәтер, оның ішінде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 401 пәтер сатып алу жоспарланған.

Экологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Соңғы 5 жылда Өскемен қаласындағы стационарлық көздерден шығарындылар 3%-ға немесе 1,6 мың тоннаға төмендеді. Ауаның сапасы 10 бекетте бақыланады, 25 бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылды және заманауи талдамалық жабдықпен жарақтандырылған мобильді зертхана сатып алынды. Алдағы жоспарларды іске асыруда жастарға ерекше рөл береміз. Облыста тұратын 168 мың жастың 128 мыңы экономикалық белсенді жастар, — деді облыс әкімі.

«Жасыл ел» жобасы бойынша 1,2 мың адам жұмысқа орналастырылған. NEET санатындағы жастардың үлесі 4,3%-ды құрайды, олармен тиісті жұмыс жүргізілуде.

Бүгінде іске асырылып жатқан облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы туындап отырған сын-қатерлерге жүйелі жауап болмақ. Ол өсудің екі тірек аймағын – Өскемен қаласын макроөңірдің орталығы ретінде және Зайсан қаласын шекара маңындағы логистикалық торап ретінде қалыптастыруды көздейді. 2030 жылға қарай жалпы өңірлік өнім көлемін 10 трлн теңгеге дейін екі есеге ұлғайту, 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тарту, бюджетке түсетін меншікті кірістердің жыл сайынғы өсімін 18-20% деңгейінде қамтамасыз ету, көші-қон ағынын азайту және халықтың облыста тұрақтап қалуы үшін жағдай жасау жоспарлануда, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ сессия барысында облыс әкімі ҚР Парламентінің 30 жылдығына орай депутаттарға ізгі тілегін жеткізіп, мерейтойлық медальдарды табыс етті.

Тегтер: әкімдік отырысыШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстанда 12 әкім жазаланды

Шығыс Қазақстанда 12 әкім жазаланды

12.10.2026, 17:59
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайды — Президент Жарлыққа қол қойды

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайды — Президент Жарлыққа қол қойды

12.10.2026, 17:02
Өскеменде көмір бағасы қандай?

Өскеменде көмір бағасы қандай?

12.10.2026, 16:35
ШҚО экономикасы жарты жылда 1,2%-ға төмендеді

ШҚО экономикасы жарты жылда 1,2%-ға төмендеді

12.10.2026, 16:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстанда 12 әкім жазаланды

12.10.2026, 17:59

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайды — Президент Жарлыққа қол қойды

12.10.2026, 17:02

Өскеменде көмір бағасы қандай?

12.10.2026, 16:35

ШҚО экономикасы жарты жылда 1,2%-ға төмендеді

12.10.2026, 16:34

«Яндекс» сервисіндегі ақау: жеке деректеріміз тарап кетпей ме?

12.10.2026, 16:03

Өскемен-Семей тасжолындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

12.10.2026, 15:41

Ауыл құтқарушылары: Глубокое ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

12.10.2026, 14:34

Жауын-шашын, көктайғақ: ШҚО-да алдағы күндері ауа райы қандай болады?

12.10.2026, 12:43

Алты жылда Азияға дабысы жеткен дода

12.10.2026, 12:43

ШҚО-да табиғи қауіптерді бақылауға арналған жаңа пункт ашылды

12.10.2026, 11:26

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған