Ертең облыстық шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей өңірлерде 35 градус аптап ыстық болады, деп хабарлайды F16.kz.
Сондай-ақ облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
ШҚО ТЖД құтқарушылары өңірде жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертеді.
Сақтық шараларын қатаң сақтау қажет. Найзағай кезінде электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратып, пайдаланбау керек. Үйдің жанында құрғақ шөпті және қамысты өртемеңіз. Автокөліктерде шыны ыдысты тастамаған жөн, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.




