ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды F16.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім еткендей, тергеуші қамауға алынды.
– Тергеу басталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деді Д.Бигайдаров.
Белгілі болғандай, күдікті өзі тергеп жатқан қылмыстық істің ауырлығын жұмсартқаны үшін пара алған.




