F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да белсенді жастар жартастарды жазудан тазартып жатыр

F16 F16
08.10.2025, 12:32
Жаңалықтар, Өскемен, Экология
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Шығыс Қазақстан облысында жартастардағы жазулар мен суреттерді өшіруге бағытталған экологиялық акция өтіп жатыр. Бұл бастама «Вандализмге жол жоқ» жобасы аясында Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты мен тревел-блогер Вячеслав Орловтың бірлесуімен жүзеге асырылды, деп хабарлайды F16.kz.

Вячеслав Орлов – «Эверест» балалар мен жасөспірімдер клубының жаттықтырушысы. Ол өскелең ұрпақты альпинизмге, жартасқа өрмелеуге үйретіп, жаттығулар өткізеді. Өзінің кәсіби дағдыларының арқасында Вячеслав көпшілік бара алмайтын қиын аймақтарға көтеріліп, сол жерлердегі көптеген «автографтар» мен суреттерді өшіреді.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл жазда ол отбасымен бірге Марқакөл және Катонқарағай аудандарында орналасқан жартастардан 78-ге жуық жазуды тазартқан. Қазір жұмыстар Өскемен маңында жүргізіліп жатыр. Мұнда белсенділер Ескі Соградағы жазулары көп жартастың бетін тазалауды мақсат еткен.

Волонтерлерге алғысым шексіз, олар көмекке бірден келісті. Жұмысты қызықты ету үшін бірнеше топқа бөлініп, әрқайсына өз аумағын белгілеп, құрал-жабдық бердік. Кім тез әрі сапалы орындаса – сол команда сыйлық алады. Балаларды биікке шығармаймыз, төменгі бөлікте де жұмыс жеткілікті. Ал жоғарыдағы жазуларды жиенім Әділ екеуіміз тазаладық, ол да жартасқа өрмелеумен айналысады, – деді Вячеслав Орлов.

Ескі Соградағы бұл жартас өңір үшін ерекше маңызға ие – мұнда жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі альпинизм жарыстары өткізіледі. Бірақ ол тастарда жүзден астам жазу мен сурет бар.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір вандализм тақырыбы – өте өзекті. Туған табиғатымыз адамдардың ұқыпсыздығынан ғана емес, көзге түсу, «із қалдыру» ниетінен де зардап шегіп отыр. Біз мұны нақты вандализм деп бағалаймыз. Екінші жыл қатарынан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жастар рухы» жастар қанаты өңір аумақтарын тазалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жолы біз тревел-блогер Вячеслав Орловпен күш біріктірдік. Жастар осы істі көріп, ой түйіп, табиғатты қорғаудың маңызын түсінеді деп сенеміз, – деді Amanat партиясы жанындағы облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрайымы Қорлан Тұғамбаева.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Мен достарыммен бірге бұған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында түрлі сенбіліктерге қатысқанмын, бірақ жартасты тазалау – алғашқы тәжірибем. Бұрын мұндай «автографтардың» табиғатты қалай бүлдіретінін ойламаппын. Бізге Вячеслав Орловтың бастамасы шабыт берді, – деп бөлісті жас белсенді Давид Юрков.

Жартастарды тазалау бастамасы ары қарай жалғасады. Ұйымдастырушылар бұл игілікті іс облыс тұрғындарының назарын аударып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырады деп үміттенеді.

Тегтер: TopжастарӨскеменТаза ҚазақстанШҚОЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған