Шығыс Қазақстан облысында ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятының өркендеуіне үлес қосып, кәсіби біліктілігімен және табандылығымен қоғам игілі үшін қызмет еткен бірқатар азаматқа мемлекеттік награда табыс етілді, деп хабарлайды F16.kz.
Салтанатты іс-шарада сөз алған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ұлттық мерекенің мән-маңызына тоқталды.
– 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация еліміздің Тәуелсіздігіне жол ашып, жаңа тарихи кезеңнің негізін қалады. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылуда. Осы бағытта биыл елімізде тарихи маңызы зор өзгерістер болды. Жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданып, Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады.
Бүгін мерейлі мереке қарсаңында еліміздің дамуы мен өңіріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан жерлестерімізге ерекше құрмет көрсетіледі. Оларға Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалар табысталатын болады, – деді аймақ басшысы.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Парасат» ордені Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесінің директоры Қалиқан Байғонысовқа табысталды.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
- Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының инспекторы Николай Краснопеев Валентинович;
- Шығыс Қазақстан облысы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамеджанов Манарбек Әзімбекұлы;
- «Қамқор Ұлан» қоғамдық қоры басшысы Серғазин Амангелді;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлы;
- Өскемен қаласының №1 емханасының бас дәрігері Мырамытова Айман Болатқызы;
- Өскемен әуежайы акционерлік қоғамның Президенті Оразғалиев Серік Мұратбекұлы.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталады:
- Жапишев Жұмабек Қайырбердіұлы – «Ермек» шаруа қожалығының басшысы;
- Сергеев Сергей Кузьмич – кардиолог дәрігер, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады:
- Бексолтанов Қонсбек Қасенұлы – зейнеткер, «Мұра» коммандиттік серіктестігінің басшысы;
- Еремин Владимир Анатольевич – Согра ЖЭО цехының отын беру жабдығын жөндеу жөніндегі технигі;
- Тұрдиев Қанат Абдусалимұлы – Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы;
- Дюсупова Альмира Оралбековна – Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің директоры;
- Овечкина Оксана Владимировна – «ТАЗА ӨСКЕМЕН» коммуналдық кәсіпорнының сумен жабдықтау және су бұру учаскесінің химия-бактериологиялық зертханасының меңгерушісі;
- Даумов Болатбек Айшабекұлы – Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің директоры;
- Зағыпаров Еркебұлан Серікұлы – VIII шақырылған Зайсан ауданының мәслихатының төрағасы;
- Байбусынова Арника Жұматқызы – Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солисі;
- Омаров Нұржұма Ясинұлы – «ОблШығысЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағаш өңдеу цехының ағаш ұстасы;
- Смурыгин Сергей Николаевич – «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамының энергетикалық орталығының автоматика құралдары мен технологиялық жабдықтар аспаптары жөніндегі электромеханигі;
- Букежанов Қайрат Қалибекұлы – «Бородино» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры;
- Лошкарев Сергей Александрович – «Өскемен титаномагний комбинаты» акционерлік қоғамының өндірістік-техникалық басқармасының бастығы;
- Қалымбекова Айгерім Төлепбергенқызы – «ORTHO CLINIC» ЖШС басшысы;
- Хуанбай Аскерхан – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының кітапханашысы;
- Шахов Вячеслав Николаевич – маркетинг және сату жөніндегі директор, «Өскемен конденсатор зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің мүшесі;
«Шапағат»» медалімен марапатталады:
- Қожахметов Бауыржан Әтенұлы – «Алдияр» шаруа қожалығының басшысы;
- Қахарманова Гүлбақыт Қалибекқызы – Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының» әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі;
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді:
- Қасенова Гуля Әутәліпқызы – «Дарын» коммуналдық кәсіпорнының солисі.




