F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да кішкентай құрылғы 31 баланың өмірін аман сақтап қалған

F16 F16
28.04.2026, 16:50
Басты, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Шығыс Қазақстан облысында аяқталған жылыту маусымы тек статистикалық деректермен емес, адам өмірін сақтап қалған қарапайым технологиялық шешімдердің тиімділігімен де есте қалды. Бүгінде қауіпсіздік шараларының ішіндегі ең маңыздысы – көміртегі тотығын анықтайтын датчиктер болып тұр. Кейінгі алты жылда бұл құрылғылар 45 адамның, оның ішінде 31 баланың өмірін ажалдан арашалап қалса, өткен жылыту маусымының өзінде екі тұрғын осы аспаптың арқасында аман қалды, деп хабарлайды F16.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, күні кеше аяқталған жылыту маусымында өңірдегі тұрғын үй секторында 341 өрт оқиғасы тіркелген, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,2 пайызға төмен. Осы аралықта тілсіз жаудың салдарынан 22 адам қаза тауып, тағы 22 тұрғын түрлі дәрежеде жарақат алған.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, мұндай апаттардың басты себебі – қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өрттің 70 пайызы тікелей азаматтардың кінәсінен болған. Оның ішінде 140 өрт оқиғасы пешті пайдалану кезінде жіберілген олқылық салдарынан туындаса, электр құралдарын дұрыс қолданбаудан 82 өрт болған.

Тұрғын үй секторы азаматтық қорғау органдарының тікелей бақылауында болмаса да, департамент қызметкерлері өрттің алдын алып, адам өмірін сақтау үшін ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді. Жылыту маусымы барысында мамандар 92 мыңнан астам үйді аралап, 330 кездесу өткізген, 12 мыңнан астам адамға қауіпсіздік нұсқаулығы берілді.

Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар тұратын пешпен жылытылатын 2 763 үй бақылауға алынып, тексеру барысында 700-ден астам қауіпсіздік ережесі бұзылған. Қазір пеш жабдықтары мен электр желілерін жөндеу жұмысы жалғасып жатыр, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі, азаматтық қорғау майоры Медет Мұқашев.

Мамандардың сөзінше, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ең тиімді құрал – көміртегі тотығын анықтайтын аспаптар. Тек осы маусымның өзінде әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйіне 680 құрылғы орнатылып, соның арқасында екі адамның өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік туған. Жалпы, кейінгі 6 жылда облыс бойынша 17 мың аспап орнатылып, осы заманауи шешімдердің нәтижесінде 45 адам, оның ішінде 31 бала бір өлімнен қалған.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі құтқарушылардың ғана емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін баса айтады. Мамандар жазғы кезеңде де босаңсуға болмайтынын ескертіп, пешті келер қысқа алдын ала дайындап, өрттің шығуына немесе көміртегі тотығымен улануға себеп болатын барлық кемшіліктерді жоюға кеңес береді. Департамент бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра береді, ал өңірдегі өрт қауіпсіздігі жағдайы тұрақты бақылауда болады.

Тегтер: F16аспапжылыту маусымыӨрт қауіпсіздігіШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендіктер құқық және қаржы мәселелері бойынша тегін кеңес алды

Өскемендіктер құқық және қаржы мәселелері бойынша тегін кеңес алды

28.04.2026, 17:33
Қосылған құн салығының артық сомасын қалай қайтаруға болады?

Қосылған құн салығының артық сомасын қалай қайтаруға болады?

28.04.2026, 16:03
Тағы бір жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды – Өскемен

Тағы бір жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды – Өскемен

28.04.2026, 15:17
Айтыскер ақын Серік Қуанған өзіне ерекше әсер еткен кітаптар туралы айтты

Айтыскер ақын Серік Қуанған өзіне ерекше әсер еткен кітаптар туралы айтты

28.04.2026, 15:09

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендіктер құқық және қаржы мәселелері бойынша тегін кеңес алды

28.04.2026, 17:33

ШҚО-да кішкентай құрылғы 31 баланың өмірін аман сақтап қалған

28.04.2026, 16:50

Қосылған құн салығының артық сомасын қалай қайтаруға болады?

28.04.2026, 16:03

Тағы бір жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды – Өскемен

28.04.2026, 15:17

Айтыскер ақын Серік Қуанған өзіне ерекше әсер еткен кітаптар туралы айтты

28.04.2026, 15:09

«ШҚО. Талдау мектебі» жобасына өтінім қабылданып жатыр

28.04.2026, 14:58

Дербес деректер – басты құндылық: Бектенов цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

28.04.2026, 12:55

Өскеменде ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр

28.04.2026, 12:20

Меморандум көп, нәтиже аз: ШҚО әкімі инвестжобалардың игерілмей жатқанын сынға алды

28.04.2026, 11:57

Туристік маусымға дайындық: қауіпсіздік пен инфрақұрылым басты назарға алынды

28.04.2026, 11:30

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған