Шығыс Қазақстанда Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді. Рәсім 13 мамандандырылған алаңда жүргізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де облыстағы барлық мешіттерде айт намазы оқылады.
Құрбан айт қарсаңында өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлық-ветеринарлық талаптарды сақтау және құрбандық шалу орындарын ұйымдастыру мәселелері ерекше бақылауға алынды.
Қайырымдылық акциялары өткізіліп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға құрбандық еті мен азық-түлік себеттері таратылады. Өңір бойынша аталған қайырымдылық көмегімен 100-ге жуық отбасы қамтылмақ, — деді ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев.
Облыс орталығындағы негізгі шаралар Халифа Алтай мешіті маңында өтеді. Мұнда киіз үйлер тігіліп, қоғамдық сауда орындары ұйымдастырылады. Сонымен қатар қала және аудан әкімдіктері мерекелік іс-шаралар бекітіп, арнайы 13 құрбандық шалу орнын анықтады.
Өскемен қаласында — Атығай асуы (Алматы–Өскемен тасжолы);
Риддер қаласында — Д.Қонаев атындағы Риддер қалалық мешіті;
Алтай ауданында — «Тенар» қожалығы;
Глубокое ауданында — «Тастанбеков Ж.Т.» ЖК;
Зайсан ауданында — «Шығыс-А» мал сою пункті;
Күршім ауданында — «Мойнақ» шаруа қожалығы;
Тарбағатай ауданында — Ақжар ауылы;
Ұлан ауданында — Атығай асуы;
Үлкен Нарын ауданында — Горный көшесі, 8/1;
Шемонаиха ауданында — Вокзальная көшесі, 236;
Катонқарағай ауданында — Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 82;
Марқакөл ауданында — Қалжыр ауылы;
Самар ауданында — Аққала ауылы, «Самар-Вет» мал сою алаңы.
Мереке күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты басқарма кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшыларын бағаны негізсіз көтермеуге шақырады.




