Ертең кей аудандарда нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Таңертең және түнде облыстың солтүстігінде тұман түсіп, солтүстігі мен шығысында жел екпіні күшейеді.
Өскеменде оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғып, күндіз бұршақ жауады, — дейді синоптиктер.
ШҚО ТЖД құтқарушылары халыққа өте мұқият болып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.




