Түз тағысының кадрларын Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері жариялады, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл жолы сабаншыдан бөлек фототүзаққа алтай ұлары, сібір тау ешкісі түскен.
Сабаншы қорек іздеп аумақты торуылдап жүр, камерадан жалт-жұлт еткен көзі анық көрінеді, – деді Катонқарағай МҰТП ғылыми бөлім, экологиялық мониторинг және ақпарат қызметінің мамандары.




