ШҚО-да «Жер-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.
10.00-де дабыл іске қосылады. Тұрғындардан сабырлық сақтауды сұраймыз, — делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс аумағында 2-4 балдық жер сілкінісі болды.




