Глубокое ауданының Бобровка ауылында жер үй өртенді. Үйде болған әйел адам екі баласымен бірге тілсіз жаудың құрбаны болды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үй толығымен өртеніп, шатыры опырылып түскен.
“Оқиға орнынан әйел адамның және кәмелетке толмаған екі баланың мәйіті табылды”, — деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір өрттің себеп-салдары анықталып жатыр.




