F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да үздік дәрігерлер марапатталды

Madina Kainarova Madina Kainarova
19.06.2026, 14:34
Біздің медицина, Жаңалықтар

️Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

— Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау — мемлекеттің маңызды міндетінің бірі екенін атап өткен болатын. Осы бағытта өңірде де кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, — деді облыс әкімі.

2025 жылы Шығыс Қазақстан ауылдарына жұмысқа келген 37 маманға 8,5 млн теңгеден біржолғы төлем берілді. Сондай-ақ моноқалаларға жіберілетін медицина қызметкерлерін қолдаудың қосымша шаралары әзірленді. Соған сәйкес дәрігерлерге 5 млн теңге, ал орта буын медицина қызметкерлеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы төлем беру жоспарланып отыр.

— Кадрлардың біліктілігін арттыру маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Өткен жылы 72 маман шетелдердің жетекші клиникалары мен білім беру орталықтарында өз біліктіліктерін жетілдірді. Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жүйелі түрде жалғасып жатыр. Өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 нысан салынды. Қасым Қайсенов кенті мен Ахмер ауылында жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жедел жәрдем стансалары үшін 40-қа жуық санитарлық автокөлік сатып алынған. Компьютерлік томографтар, ангиографиялық жүйелер, маммографтар және эндоскопиялық жабдықтарды қоса алғанда, 480-нен астам медициналық техника алынды. Қазіргі уақытта Гематология орталығын, жаңа көпбейінді облыстық аурухананы салу, онкология орталығын жаңғырту және Ана мен бала орталығын реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда.

Одан соң марапаттау рәсімі басталды. Отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен Көпсалалы онкология және хирургия орталығының маммология және онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Серік Мұхамеджанов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен облыстық мамандандырылған медицина орталығының хирург дәрігері Еркін Шериязданов марапатталды. Сондай-ақ бірнеше медицина қызметкері мен сала ардагерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы мен ШҚО әкімінің Алғыс хаты берілді. Мерекеге орай әсем әндер шырқалып, адам өмірін ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға арналған бейнесюжет көрсетілді. Шара соңында медицина қызметкерлері үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ықылас гүлі ұсынылды.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16
Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11
Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

07.07.2026, 15:56

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11

Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

07.07.2026, 15:56

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026, 13:08

Жылыту маусымына дайындық: Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

07.07.2026, 11:50

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері марапатталды – ШҚО

07.07.2026, 10:00

Самар ауданында ашық аспан астындағы QUIZ өтті

05.07.2026, 09:00

Жыл басынан бері 42 экологиялық заң бұзушылық анықталды — ШҚО

03.07.2026, 18:36

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған