F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да жаңа ғылыми-зерттеу институты ашылды

F16 F16
15.10.2026, 15:27
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының орталығында Критикалық материалдар және тұрақты металлургия институтының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Жаңа институт өңірдің ғылыми әлеуетін нығайтуға, тау-кен металлургия саласына қажетті технологияларды әзірлеуге және минералдық шикізатты терең өңдеу бағытындағы зерттеулерді дамытуға мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстанда сирек жер металдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды.

Институттың негізгі міндеттерінің бірі — критикалық материалдар мен сирек металдарды өңдеудің заманауи тәсілдерін зерттеу, өндірістік процестердің тиімділігін арттыру және экологиялық тұрғыдан орнықты металлургия шешімдерін әзірлеу. Сонымен қатар мұнда техногендік қалдықтарды қайта өңдеу, озық материалдар жасау және тау-кен металлургия кешенін цифрландыру бағыттары қамтылады. Зерттеулерде жасанды интеллект пен математикалық модельдеу мүмкіндіктерін қолдануға да басымдық беріледі.

Институт ресми түрде ашылып, ғимарат құрылысы басталды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, өңірдің өндірістік әлеуетін ғылыми зерттеулермен ұштастырудың маңызына тоқталды.

«Шығыс Қазақстан — еліміздің тау-кен металлургия саласының жетекші орталықтарының бірі. Облыста қуатты өндірістік база мен жоғары ғылыми әлеует қалыптасқан. Бүгінде ғылыми әзірлемелердің нақты өндірісте қолданылып, өнеркәсіптің сұранысына жауап беруі маңызды. Жаңа институттың басты міндеттерінің бірі — минералдық шикізатты өңдеудің заманауи технологияларын әзірлеу және өндіріске енгізу. Ғалымдар мен өнеркәсіп өкілдерінің бірлескен жұмысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге және өңірдің критикалық әрі сирек металдар саласындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақта ғылымды дамытуға бағытталған жұмыстардың ауқымы да артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанда ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығын 12 млрд теңгеден асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада бесінші орынға ие.

Жобаның маңызды бөлігі — халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту. Қазақстан мен Бельгияның ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы байланыс аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен KU Leuven университетінің Тұрақты металдар мен минералдар институты арасында бірлескен ғылыми-білім беру орталығын құру мәселесі қарастырылуда. Мұндай серіктестік озық ғылыми тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық ғылыми құзыреттерді өңірге тартуға жол ашады.

«Қазақстан-Бельгия ректорлар форумында ШҚТУ атынан сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Екі мемлекеттің басшыларын, академиялық қауымдастық өкілдерін, ғылым мен технология саласының мамандарын біріктірген бұл кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың қатысуы форумға айрықша мән беріп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсетті. Өз баяндамамда ШҚТУ-дың ұстанымын таныстырдым: жасанды интеллект инженердің нақты жұмыс құралына айналуға тиіс. Біздің AI+X моделіміз осы қағидаға негізделген. Мұндағы X — көлік машинажасау, металлургия және аса маңызды материалдар», — деді ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина.

Институттың ашылуы Шығыс Қазақстанның ғылым мен жоғары технологиялар саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, инженерлік және ғылыми кадрлар даярлау ісіне де серпін береді. Ал жаңа ғимараттың құрылысы осы бағыттағы зерттеу инфрақұрылымын дамытуға негіз болмақ.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған