Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, деп хабарлайды F16.kz.
Қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес 28 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 07:54-те жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Шығыс Қазақстан облысы аумағында Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы: 4,5.




