7 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 06:32–де Шығыс Қазақстан облысы аумағында магнитудасы 3,4 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Ресей Ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы мәліметіне сәйкес, облыста жер сілкінісі сезілген жоқ.
Зілзаланың эпицентрі Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай шекарасынан шамамен 70 шақырым қашықтықта орналасқан.




