Биылғы 28 наурызда өткен халықаралық Жер сағаты экологиялық акциясына Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары белсенді қатысты, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл күні сағат 20.30-да өңірде бір сағатқа жарық сөндірілді. Бұл – табиғатты аялаудың және болашаққа деген жауапкершіліктің белгісі.
Акцияға мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар белсенді қатысты. Облыста бұл бастаманы 100-ден астам кәсіпорын қолдады. Ертіс жағалауы, Үлбі көпірі, орталық алаң және қаланың басты көшелеріндегі жарық өшірілді.
«Жер сағаты» – әлемдегі ең ауқымды экологиялық акция. Жыл сайын оған 180 елден 2 миллиардтан астам адам қатысады.




