Демалыс күндері атлантикалық циклон әсерінен республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды F16.kz.
22 қараша күні, яғни ертең түнде кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауса, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жаууы мүмкін.
Күндіз бірқатар аудандарда бұрқасын жел мен көктайғақ болуы мүмкін, — дейді синоптиктер.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде олтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады.
Өскеменде де қар аралас жаңыр жауады деп күтілуде. Күндізгі температура -1-ден -2 градусқа дейін, ал түнде -2-ден -5 градусқа дейін суытады.




