Ертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» ШҚ филиалы мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Кей аймақтарда екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Облыс орталығында да таңертең және күндіз қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, — делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы кезінде халықтан елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.




