Қазгидромет қазан айына арналған ауа райы болжамын ұсынады. Синоптиктер болжамына сүйенсек, ай ішінде жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады, деп хабарлайды F16.kz.
Айдың басында өңірде күн жылынады. Күндіз ауа температурасы +13…+18°С, түнде +3…+8°С-қа дейін көтеріледі.
Алайда кейін күн күрт суытып, түнгі температура төмендейді. Облыстың шығысында -12°С-қа дейін суытады.
Екінші онкүндікте ауа температурасы құбылмалы болуы мүмкін. Күндіз +5…+10°С-тан +11…+16°С-қа дейін, түнде -2…-7°С-тан +2…+7°С-қа дейін өзгереді.
Ал үшінші онкүндіктің басында қайтадан күн суытқанымен, кейін күздің екінші айы тағы да жылы ауа райымен қуантады. Онкүндіктің ортасында күндіз күн +15…+20°С-қа, түнде +5…+10°С-қа дейін жылытады.
Онкүндіктің соңында ауа температурасы күндіз +2…+7°С, түнде -2…-7°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.
Ай ішінде жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады. Бірінші онкүндіктің ортасында жаңбыр жаууы, ал үшінші онкүндіктің соңында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, — дейді мамандар.




