ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов РФ Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесіп, бірақатр маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды F16.kz.
Тараптар Ертіс арқылы кеме қатынасын жандандыру, инвестиция, туризм, экология және спорт салаларын талқылап, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға келісті. ⠀
Сондай-ақ жастар мен гуманитарлық бастамаларды жандандыру, мәдени-тарихи туризмді дамыту бағытында бірлескен жұмыс тобын құру және екіжақты ынтымақтастықты 2028 жылға дейін кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері қарастырылды.




