Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының үздік педагогтарына мемлекеттік наградалар тапсырылды, деп хабарлайды F16.kz.
Салтанатты шараға өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, ұстаздар қауымына мәртебелі марапаттарын табыс етті. Еңбегі мен кәсіби біліктігінің арқасында көзге түскен білім саласы қызметкерлерінің тізімі:
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ
Алмагүл Тәупикова, Ұлан ауданы Р.Марсеков атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
«БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» ТӨСБЕЛГІСІ
Ләззат Ақтанбаева, Өскемен қаласы №42 орта мектебінің математика пәні мұғалімі;
Гүлмира Әбілмәжинова, Глубокое орта мектебі (Ы.Алтынсарин атындағы) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Бибігүл Шапихова, Самар ауданы Аққала ауылындағы мектеп-балабақша кешенінің информатика пәні мұғалімі.
ШҚО ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫ
Еркінбек Мұрзаханов, Үлкен Нарын ауылдық лицейінің информатика пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Самал Әльпатина, Катонқарағай ауданы Өрел орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Сергей Зарубин, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;
Аксана Каленова, «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығының басқарма төрайымы.
ШҚО ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Сәрсен Өтепов, Глубокое ауданының білім бөлімінің басшысы;
Алмаш Нұрмұхамбетова, Алтай қаласының №7 орта мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Надежда Шаяхметова, Өскемен қаласының №23 М.Шаяхметов атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Елена Плотникова, Риддер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;
Арда Даниярова, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
Осы және басқа да білім саласының қызметкерлері облыс әкімінің қолынан марапат алып, құрметке бөленді. Өңір басшысы ұстаздарды құттықтап, жаңа оқу жылында кәсіби және шығармашылық табысқа жетуге тілектестік білдірді.




