Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып Жандос Өмірәлиев тағайындалды. Сондай-ақ еліміздің бірнеше өңірінде прокурорлар ауысты, деп хабарлайды F16.kz.
Президенттің келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен сегіз облыста жаңа прокурорлар тағайындалды:
Батыс Қазақстан облысының прокуроры – Нұрбек Ұласбекұлы;
Маңғыстау облысының прокуроры – Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы;
Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;
Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;
Жетісу облысының прокуроры – Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы;
Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;
Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы (суретт)
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы, Бас көлік прокуроры қызметіне Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы тағайындалды.




