Шығыс Қазақстан облысында жаңа деңгейдегі талдаушылар мен сарапшыларды даярлауға арналған «Талдау мектебі» жобасына өтінім қабылданып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
«Талдау мектебі» — экономика, экология, аумақтық даму, мәдениет және басқару салалары біртұтас жүйе ретінде қарастырылатын орта. Оқытудың нәтижесінде өңірлік және мемлекеттік саясатты қалыптастыруда қолдануға болатын талдамалық есептер мен ұсынымдар әзірленеді.
Жобаға жоғары білімі бар және кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибесі бар, аналитикалық және стратегиялық құзыреттерін дамытуға қызығушылық танытатын мамандар қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 10 мамырға дейін жалғасады.
23 мамыр мен 27 маусым аралығында офлайн форматта, сенбі күндері сабақ өтеді.
Жоба қатысушылардың кәсіби деңгейін көтеріп, аналитикалық ойлау қабілетін кеңейтуге және өңірдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Толық ақпарат @shygys_taldau парақшасынан алуға болады.




