Шығысқазақстандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп хабарлайды F16.kz.
Ол өз үйінің ауласында салынған өсімдіктерді жүйелі түрде өсіруге арналған орын жабдықтаған.
Үй-жай аумағын жедел тінту барысында полиция қызметкерлері 15 түп жасыл түсті өсімдік, 3 түп кептірілген және ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 3 полимерлі қаптаманы тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 келіні құрайтын қарасора екені анықталды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша «Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.




