Алдағы күндері суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, соның әсерінен қар жауып, боран соғуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
30-31 желтоқсан күндері ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні күшейеді.
Шығыста күндіз ауа температурасы -2…+3 градус аралығында болады. Ал, түнде түнде шамамен –6…–8 градусқа дейін төмендейді деп болжам жасалып отыр. Сондай-ақ кей аймақтарда секундына 23 метрге дейін жылдамдықта жел соғады, дейді синоптиктер.
31 желтоқсан күні күндіз 0…–3 градус, түнде -8…–10 градус шамасында, жауын-шашынсыз болады.




