«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синопиктердің болжамына сүйенсек, жаздың басында өңірде түнде үсік жүруі әлі де сақталып, ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Кейін ауа температурасы түнде 8… 13°С, күндіз 24… 29°С-қа дейін жоғарылайды.
Маусым айының екінші онкүндігінде аптап ыстық болып, күн райы 32… 37°С-қа дейін жетеді, — делінген ақпаратта.
Кейін температура сәл төмендейді. Нақты айтқанда, түнде 10… 15°С, күндіз 26… 31°С шамасында болады.
20-30 маусым аралығында ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде 10… 15°С-тан 18… 23°С, күндіз 26… 31°С пен 32… 37°С-қа дейін күн ысиды. Жаңбыр бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің ортасы мен соңында, үшінші онкүндікте жиі жауады, — дейді синоптиктер.
Кей кездері жаңбырмен бірге найзағай соғады. Ай соңында бұршақ жаууы да ықтимал.




