F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыс Қазақстан облысы Австриямен бірлесіп медициналық оңалтуды қолға алмақ

F16 F16
29.01.2026, 11:36
Біздің медицина, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында экономика және денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық әріптестікті дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы орайда бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Австрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андреа Бахермен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық аясындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Әсіресе, медициналық оңалту саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды. Сол бастамалардың бірі – австриялық медицина мен басқарудың озық стандарттарын қолдана отырып, заманауи оңалту орталығын құру жобасы.

Халықаралық тәжірибе енгізіледі

Айта кету керек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен SANLAS Holding GmbH компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл құжат медициналық оңалту, денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулер және кәсіби білім беру бағыттарындағы бірлескен жобаларды дамытуға негіз болады.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстанға инвестиция тарту ғана емес, тұрғындардың өмір сапасын арттыру да маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, аймақ медицина инфрақұрылымын дамытуға және оңалту қызметтерін жетілдіруге бағытталған халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге мүдделі.

Жалпы, Қазақстан мен Австрия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Былтырғы сегіз айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 189,4 миллион АҚШ долларына тең болған.

Қазақстан Еуропаға қандай тауарлар экспорттайды?

Қазақстан Австрияға тантал және одан жасалған бұйымдар, балық өнімдері, бериллий, хром, германий, ванадий, галлий секілді сирек металдар, сондай-ақ зығыр тұқымы, навигациялық құралдар және басқа да тауарлар экспорттайды. Ал Австриядан Қазақстанға вакциналар мен дәрілік препараттар, минералды сулар, ортопедиялық бұйымдар мен протездер, автотехника, құрылыс және тамақ өнеркәсібіне арналған өнімдер импортталады.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі денсаулық сақтау, жоғары технологиялар және өнеркәсіптік кооперация салаларында австриялық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Андреа Бахер жылы қабылдау үшін алғыс айтып, өңірдің табиғатының ерекше көркемдігін атап өтті.

Тегтер: Австриябайланысмедицинахалықаралық ынтымақтастықШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған