Глубокое ауданының Уварово ауылында жергілікті тұрғындар көптен күткен жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды F16.kz.
Медициналық мекеме қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге толық мүмкіндік береді.
Жаңа нысанның іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметке қолжетімділікті айтарлықтай арттырады. Ең бастысы – енді тұрғындар алғашқы медициналық көмекті өз ауылдарында ала алады. Бұл – мемлекет тарапынан халық денсаулығына деген нақты қамқорлықтың көрінісі, – деді аудандық мәслихат төрағасы Алтай Қалиғожин.
Айта кетейік, бұған дейін Уварово ауылында медициналық қызмет ескі, 1970 жылы салынған 80 шаршы метрлік бейімделген ғимаратта көрсетіліп келген.




