Орманды қалпына келтіру бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында 7 мың гектардан астам аумаққа 36 миллион көшет егіледі. Бұл туралы облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Маңызды бағыттардың бірі – орман өртін ерте анықтау жүйесін енгізу. Облыста 90 антенналық мұнара орнату жоспарланған. Бұл жасыл желекті аумақтағы тұрақты байланысты қамтамасыз етіп, өрт ошақтарын жедел анықтау мен оның алдын алу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Орманды қалпына келтіру бағдарламасы аясында өңірде 7 мың гектардан астам аумаққа 36 миллион тал егу көзделіп отыр. Бұл шаралар жасыл жеекті алқаптың аумағын кеңейтіп, жердің тозуын азайтуға және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді, – деді орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Данияр Қанатбаев.




