Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлыбек Сақтағанов «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.

Кездесу барысында өңірдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, байланыс аумағын кеңейту, сондай-ақ шалғайдағы ауылдар мен туристік аймақтарда интернет сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында базалық станцияларды салу және жаңғырту, 4G, 5G технологияларын енгізу және байланыс сапасын жақсартуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл келісімдер Шығыс Қазақстан облысының цифрлық дамуын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.




