Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының тұрғынына мемлекеттік қызмет көрсетуге кедергі келтірген мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі техникалық сәйкессіздікті жою бойынша шаралар қабылдады.
Ағымдағы жылдың шілде айында Департаментке Өскемен қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Радужный тұрғын алабында тұратын III топтағы мүгедектігі бар азаматқа «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық және көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету мүмкін еместігі туралы мәселе бойынша өтініш жолдады.
Өтінішті қарау барысында мәселенің мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректердің сәйкес келмеуіне байланысты туындағаны анықталды.
«Цифрлық үкімет» порталы арқылы өтініш берген кезде өтініш автоматты түрде Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Е-Собес» ААЖ ақпараттық жүйесіне жіберіліп отырған.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы қаулысына сәйкес, Радужный тұрғын алабын қоса алғанда, Глубокое ауданы аумағының бір бөлігі Өскемен қаласының әкімшілік шекарасына енгізілген болатын.
Осылайша, аумақтың әкімшілік-аумақтық тиесілігі өзгергеннен кейін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі тиісті мәліметтер уақытылы жаңартылмаған.
Мәселені шешу мақсатында Департамент анықталған сәйкессіздікті жою үшін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге және өзектендіруге жауапты орталық мемлекеттік органдарға тиісті өтініштер жолдады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ақпараттық жүйелерге қажетті түзетулер енгізілді. Техникалық мәселе жойылып, азаматқа мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Кейіннен мемлекеттік қызмет толық көлемде көрсетілді.
Мұндай мәселелерді анықтау және жою,мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және оларды алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру Департамент жұмысыныңмаңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Бұл мысал сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерген кезде мемлекеттік ақпараттық жүйелерді уақтылы өзектендірудің маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Е.М. Айқымбеков




