F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өңірді онлайн басқару: ШҚО-да аймақтық талдау орталығы іске қосылды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
23.12.2025, 12:54
Басты, Жаңалықтар
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Облыс орталығында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен Аймақтық талдау орталығының (АТО) таныстырылымы өтті. Жобаны ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы әзірлеген, деп хабарлайды F16.kz.

Жаңа цифрлық платформа өңірде не болып жатқанын нақты уақыт режимінде көрсетіп, биліктің қай тұста жедел араласуы қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Фото: F16.kz

Орталықтың басты мақсаты — мәселелерді мүмкіндігінше ертерек байқап, оларды жедел шешу. Жылумен қамту мен қоқыс шығару түйткілдерінен бастап, экология, су тасқыны, жол-көлік оқиғалары және төтенше жағдайларға дейінгі барлық бағыт қамтылған. Жылу, жол және мердігерлер жұмысы да онлайн бақыланады.

Фото: F16.kz

АТО-ның негізгі міндеттерінің бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қалалық ортаны бақылау. Қазіргі таңда жүйе онлайн режимде жылу көздерінің жұмысын, қоқыс шығару, қар тазалау және жол жөндеу бойынша мердігерлердің қызметін қадағалайды. Жылу көздеріне орнатылған датчиктер әр минут сайын температура, қысым, су шығыны және отын қоры туралы деректерді жіберіп отырады. Көрсеткіштер қалыпты деңгейден ауытқыса, жүйе бірден дабыл қағады. Сонымен қатар әзірлеушілердің айтуынша, тәуекелдерді анықтай алатын және дауыс арқылы нақты нысан жөнінде ақпарат беретін ЖИ-ассистент іске қосылған.

Бұл орталық коммуналдық қызметтердің тиімді жұмыс істеуіне және бюджет қаражатының ұтымды жұмсалуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Мәселен, белгілі бір жерде қалың қар жауса немесе су деңгейі көтерілсе туындаған қауіпті жағдай туралы қажетті ақпаратты береді. Біз осы деректерді пайдаланып алдын алу жұмыстарын жүргіземіз, — деді облыс әкімі.

Қоқыс пен қар тазалау да толық бақылауда: техника қайда, қашан және қанша уақыт жұмыс істегенін, қандай көлемде қызмет көрсетілгенін, тұрғындардың шағымдары бар-жоғын көруге болады.

Пилоттық режимде 50 қоқыс алаңына QR-кодтар орнатылған. Тұрғындар қоқыс шығару жұмыстарының барысын көріп, кез келген заңбұзушылық туралы бірден хабарлай алады. Цифрландыру және архивтер басқармасының жоспары бойынша, бұл процесс халықты күттірмей,  әлеуметтік желілерге шағым жазғызбай, жылдам жүзеге асады.

Фото: F16.kz

Экология да тәулік бойы бақылауда. Өскемен қаласында тұрғын аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарды қамтитын 25 автоматтандырылған ауа сапасын бақылау бекеті жұмыс істейді. Жүйе ауа сапасын 13 параметр бойынша үздіксіз өлшейді. Осылайша, ластану деңгейін нақты уақыт режимінде көруге болады. Бұл деректер мен болжамдарға негізделген экологиялық тәуекелдерді басқару үлгісі.

АТО-да су тасқыны жағдайы, жол-көлік оқиғалары, қылмыстық ахуал, бейнебақылау камералары мен жедел қызметтердің деректері біріктіріліп, интерактивті панельдерге шығарылады.

Өңірде гидробекеттерді автоматтандыру да қолға алынды. Датчиктер су деңгейін, ағыс жылдамдығын және мұздың жай-күйін бақылайды. Осы деректер негізінде жасанды интеллект су тасқынын болжай отырып, қауіп-қатер туралы алдын ала ескерту жасай алады.

Фото: F16.kz

Келесі жылы облыста көпфункционалды ұшқышсыз ұшу аппараттары паркі іске қосылады. Олар:

жол-көлік оқиғаларын тіркеп, 3D-модельдер жасауға,

бұқаралық іс-шараларды бақылауға,

іздестіру-құтқару жұмыстарына,

жылу желілерін және қолжетімсіз аумақтарды бақылауға пайдаланылады.

Бұл дәстүрлі әуе мониторингіне қарағанда жылдам, арзан әрі дәл болады.

Енді АТО азаматтардың барлық өтініштерін 109 колл-орталығынан, әлеуметтік желілерден және онлайн платформалардан жинақтайды. Жүйе хабарламаларды өзі талдайды, қайталанатын өтініштерді анықтайды. Мақсат – әр өтініш тиісті мекемеге жетіп, нақты шара қабылдануы, – дейді әзірлеушілер.

ШҚО Аймақтық талдау орталығы – өңірлік «Деректер көлінің» негізгі элементі. Қазірдің өзінде жүйеде су тасқыны, әлеуметтік желілер және жылу көздері бойынша ЖИ-ассистенттер жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың қолданылу аясы басқа салаларға да кеңейтілмек.

Тегтер: F16жасанды интеллектЦифрлық дамуШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған