F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыс Қазақстанда Жаңа Конституцияны қолдайтын өңірлік коалиция құрылды

F16 F16
13.02.2026, 17:46
Билік, Жаңалықтар, Заң, Өскемен, Саясат
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Шығыс Қазақстан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты өңірлік коалиция өз жұмысын бастады. Бұл бастама қоғамның әртүрлі өкілдерін ортақ мақсатқа біріктіруді көздейді. Коалиция құрамына бес саяси партияның мүшелері мен түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген. Жалпы саны – 322 адам, деп хабарлайды F16.kz.

Бүгін коалицияның алғашқы отырысы өтті. Жиынға саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен белсенді азаматтар қатысты. Кездесуде Жаңа Конституция жобасы талқыланып, ондағы негізгі өзгерістер сөз болды. Қатысушылар бұл құжаттың саяси реформаларды жалғастыруға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға бағытталғанын айтты.

Жиынды ашқан өңірлік коалиция жетекшісі Денис Рыпаков алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, басты міндет – халыққа Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіру.

Біз тұрғындарға құжаттағы негізгі өзгерістерді қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткіземіз. Түсіндіру жұмыстары ашық өтеді. Халықтың ұсыныс-пікірлері жинақталып, талқылауға енгізіледі. Алдағы уақытта коалиция мүшелері облыстың барлық аудан-қалаларын аралап, кездесулер өткізеді, – деді ол.

Ал коалиция мүшесі, Amanat партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Аманбай Нұркенов жобадағы басты жаңалықтарға тоқталды.

Жаңа Конституция – еліміздегі саяси реформалардың жалғасы. Құжатта егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық пен мемлекеттік шекара басты құндылық ретінде нақты көрсетілген. Сондай-ақ еліміздің мыңжылдық тарихы ұлттық құндылық ретінде айқындалған. Енді осы өзгерістерді халыққа жан-жақты түсіндіруіміз керек, – деді ол.

Жиында Конституция жобасын талқылау ашық әрі жария түрде өтетіні айтылды. Алдағы бір айда коалиция мүшелері облыс бойынша 970-тен астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Кездесулер еңбек ұжымдары, жастар, ардагерлер және үкіметтік емес ұйымдар арасында ұйымдастырылады.

Тегтер: Ата заңбилікЗаңкоалицияКонституциялық реформаӨскеменсаясат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған