F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыс Қазақстанда ғасыр жасаған майдангерлерге құрмет көрсетілді

F16 F16
08.05.2026, 16:47
Әлеумет, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының небары алты ардагері қалды. Ғасыр жасаған майдангерлермен әрбір кездесу – ел тарихының тірі куәгерлерімен жүздесудің айрықша сәті. Олардың өшпес ерлігі мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді. Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімдігінің өкілдері қарт жауынгерлерді арнайы құттықтады.

Биыл майдангер Макар Харин 100 жасқа толады. Ол соғыс жылдары Ленинград және Балтық майдандарында минометші болып қызмет атқарып, соғыс кезінде жараланған. Қазір ардагер Өскемен қаласында тұрып жатыр.

Павел Стрехо жуырда ғасырлық мерейтойын атап өтті. Соғыс кезінде Беларусь майданында автоматшы болып, Кёнигсберг үшін шайқастарға қатысқан. Жеңіс күнін де сол қалада қарсы алған ардагер III дәрежелі Даңқ орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және маршал Жуков медалімен марапатталған. Қазір ол Глубокое ауданында ұлымен бірге тұрады.

Ғасыр жасаған тағы бір майдангер – Александра Саратовцева. Соғыс жылдары ол құрылыс бригадасының құрамында көпір салу жұмысына қатысып, Жеңіс күнін Польшаның Новы-Сонч қаласында қарсы алған. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Сталинградты азат еткені үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған.

Бүгінде 103 жасқа келген Анастасия Светочева қоршаудағы Ленинградта әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде қызмет еткен. Ол бомбалау салдарын жоюға және жараланғандарға көмек көрсетуге атсалысқан. Майдангер II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Қазір ардагер облыс орталығында өмір сүріп жатыр.

Михаил Головатюк 1943 жылы еңбек армиясына шақырылып, Иркутск-Байкал теміржолының құрылысына қатысқан. Кейін 579-атқыштар полкінде автоматшы ретінде қызмет етіп, Жапонияға қарсы шайқастарға қатысқан. Ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен және Ленин орденімен марапатталған.

Майданға небары 18 жасында аттанған Иван Шевцов Польша мен Чехословакияны азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

Мереке қарсаңында облыс әкімдігі өкілдері майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.

Соғыс ардагерлерінің жанқиярлық ерлігі мен Отан алдындағы адал қызметі – бүгінгі ұрпақ үшін ерлік пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі. Олардың есімі мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.

Тегтер: F16Жеңіс күніқұрметСоғыс ардагерітағзым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған