6 қазанда, мамандардың айтуынша, алты өңірде қарлы жаңбыр жауады. «ҚазАвтоЖол» өкілдері жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды F16.kz.
Қай өңірлерде жауын-шашын болады?
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарында күн райы бұзылады. Жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал дейді мамандар.
Көлік жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, жолда барынша сақ болу және сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеру ұсынылады.
Республикалық автожолдардағы жағдай туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 кол-орталығынан алуға болады.




