F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыста қысқы туризм маусымы ашылды

F16 F16
06.12.2025, 11:26
Жаңалықтар, Туризм
Фото: Дана Әбдікәрім

Фото: Дана Әбдікәрім

Бүгін Шығыс Қазақстанда қысқы туристік маусым ресми түрде ашылды. Қазір Алтай Альпісі тау шаңғы базасында бұқараға арналған мерекелік шара өтіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Көпшілік күткен дәстүрлі маусымның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Фото: Дана Әбдікәрім

Туризм саласы өңір экономикасының драйверіне бірте-бірте айналып келе жатыр. Бұл салаға қомақты қаржы тарту қажет. Шығыс өңірінің табиғатын бүкіл қазақстандықтар інжу-маржан деп біледі. Осы әсем табиғатты бүкіл әлемге таныта отырып, шетелден келетін саяхатшыларды қабылдауға, оларға сапалы қызмет көрсетуге біздің туристік аймақтар дайын. Сонымен қатар біз табиғатымыздың тазалығын сақтап, бірегей флорасы мен фаунасын қаз-қалпында ұстауға ерекше мән береміз. Бүгінгі мерекеге қатысушылардың бәріне көтеріңкі көңіл күй тілеймін, – деді аймақ басшысы.

БРЕНД ӨНІМДЕРДЕН ДӘМ ТАТТЫ

Облыстың туризм басқармасы мен Глубокое ауданының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған ашылу салтанатында аймақ тұрғындары мен қонақтары әртүрлі тосын сыйлар мен мазмұнды музыкалық бағдарламаның куәсі болды. Интерактивті ойындарға қатысып, тағамдардан дәм татып көріп, жаппай шаңғы, сноуборд тебуге шықты. Қысқасы, табиғат аясында демалуды ұнататын көпшілік бұл күнді есте қаларлықтай өткізіп жатыр.

Біз бүгін туристік маусымның ашылуына қатысуға келдік. Қонақтар дәмін татып көрсін, ұнаса сатып алсын деп өз өнімдерімді әкелдім. Оның ішінде шайдың бірнеше түрі бар. Біздің өнім өте пайдалы әрі дәмді, адамның иммунитетін көтереді. Қыс маусымында бұл өте маңызды, – деді риддерлік кәсіпкер Анастасия Зозуля.

Шығыстың тұмса табиғатында өсетін экологиялық таза өсімдіктерден жасалған брендтік шайдың алуан түрін жасайтын кәсіпкер Анастасия Зозуля өз өнімдерін халықаралық ірі көрмелерде ұсынған. Мәселен, биыл Жапония астанасы Токиода өткен FOODEX көрмесінде оның табиғи шөптен жасалған тауары жоғары бағаланған. Алтай Альпісіне келген адамдар шөп шайдан дәм татып, сатып алып жатты.

ОТЫЗДАН АСТАМ СПОРТШЫ ШАҚЫРЫЛДЫ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өңірдегі қысқы туризмді дамытуға, тұрғындардың белсенді демалысқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ал Алтай Альпісі жыл сайын мыңдаған демалушыны қабылдайтын Шығыс Қазақстанның танымал туристік аймағы саналады.

Фото: Дана Әбдікәрім

Өңір тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше мерекелік шара ұсынып отырмыз. Алды басталып та кетті. Айталық, таңертеңнен түс ауғанша концерт болады, сол сияқты түрлі спорт сайыстары, интерактивті ойындар, тағамнан дәм тату, итшанамен серуендеу, шаңғы, сноуборд тебу және басқа да белсенді ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған. Сайысқа қатысып, жеңімпаз атанғандарға бағалы сыйлықтар, туристік сертификаттар беріледі. Ашылу салтанатына отыздан астам спортшы шақырдық. Олар қазір таудан шаңғымен көк байрағымызды алып түседі, – деді ШҚО туристік ақпарат орталығы директорының орынбасары Талғат Дәулетов.

ҚЫТАЙДАН ТУРИСТЕР КЕЛДІ

Директордың орынбасары өңірдегі қысқы туризмнің даму барысын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, Қазақстандағы қысқы туризмнің орталығы саналатын Шығыс Қазақстанда саяхатшыларға арналған барлық демалыс түрі бар.

Қысқы туризмді дамытуға Шығыстың табиғаты өте қолайлы, бізде барлық мүмкіндік бар. Қазір өңірде моторлы шанамен, итшанамен серуендеу, спорттық балық аулау, тау шаңғы және сноуборд тебу, ски-тур, хели-ски сияқты демалыс түрлері жолға қойылған. Облыста төрт ірі тау шаңғы курорты жұмыс істейді, оның екеуі Риддер қаласында, екеуі Глубокое ауданында, яғни Өскеменнің іргесінде. Бүгінгі шараны естіп Астана, Алматы, Павлодар және Семей қалаларынан, сондай-ақ Қытайдан қонақтар арнайы келді, – деді Талғат Дәулетов.

Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласынан келген қонақ Айдана Мұрал екі өңірдің арасындағы табиғи ұқсастық туралы айтты.

Бүгінгі іс-шараға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Алған әсерім ерекше. Өскеменге бірінші рет келдім. Біздің өңірдің қысы, табиғаты сіздерге ұқсас болып келеді. Қар қалың, тау шаңғы, сноуборд бәрі бар. Шығыс жұртшылығын Шәуешекке шақырамын, келіңіздер, қонақ болыңыздар, – деді қысқы туристік маусымның ашылуына Қытай елінен арнайы келген қонақ Айдана Мұрал.

Фото: Дана Әбдікәрім

Бұл күні Алтай Альпісі демалыс базасына қылқалам шеберлері де келді. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Бекбердинова Шығыстың көз тоймас көркем табиғатын қағазға түсіру үшін іске кірісіп кетіпті.

Мұндай мүмкіндікті құр жібермес үшін елмен бірге туристік маусымның ашылуына келіп, Алтайдың әсем табиғатын бейнелеуге бел будым. Сонымен қатар бұл жерге салған туындыларымды әкеліп, шағын көрме ұйымдастырып жатқан жайым бар. Сатып алушылар да бар, – деді суретші.

Шығыс Қазақстанда қысқы туристік маусымның ашылуы биыл ерекше ауқымда өтіп жатыр, бұл шара аймақ туризмінің әлеуетін айқын көрсетті. Алтай Альпісі базасында ұйымдастырылған мерекелік шараға жергілікті тұрғындармен қатар, еліміздің әр өңірінен және шетелден қонақтар келуі соның айғағы.

Өңір басшылығы мен сала өкілдерінің айтуынша, туризм Шығыс Қазақстан экономикасының маңызды бағытына айналып келеді. Аймақтағы табиғи ресурстар мен заманауи инфрақұрылым қысқы демалыстың барлық түрін дамытуға мүмкіндік береді. Маусымның ашылуы – осы бағыттағы жұмыстардың жанданып, туризмнің жаңа деңгейге көтерілгенінің белгісі.

Тегтер: F16ДемалысСақтағановСпорттау шаңғыТуризмШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған