Еліміздегі атом электр станцияларының бірі Шығыс Қазақстан облысының аумағында бой көтеруі мүмкін. Қазір Атом энергиясы жөніндегі агенттік стратегиялық нысанды салуға тиімді аймақтарды қарастырып, зерделеп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, екінші АЭС-тің қазығы қағылатын алаңды ел Үкіметі тиісті ведомствомен бірлесе отырып анықтайтын болады.
Заңнамаға сәйкес біз Энергетика министрлігімен кеңес отырып тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Негізгі анықтаушы фактор – болжамды энергия тапшылығы мен ұлттық энергия жүйесінің тұрақты орналасуы. Алдын ала болжам бойынша, екінші станция елдің оңтүстігінде бой көтеруі керек деп есептейміз, сонымен қатар шығыс пен батысты да зерттеп жатырмыз, бұл өңірлердің де болашағы бар, – деді Сәтқалиев.




