F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Су тасқыны кезеңіне дайындық: ШҚО-да бақылау күшейді

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
12.03.2026, 10:01
Басты, Жаңалықтар

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды, деп хабарлайды F16.kz.

Жедел штаб су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп, тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіреді.

Жағдай күрделене түссе әрекет ету үшін 3677 адамнан тұратын азаматтық қорғау күштері дайындалған. Сонымен қатар 556 техника, 75 жүзу құралы және 234 мотопомпа жұмылдырылмақ.

Халықты эвакуациялау және күштерді жедел жеткізу үшін Ми-8 және Ми-2 тікұшақтарын қоса алғанда, 11 әуе кемесі тұрақты дайындықта тұр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері Үлкен Нарын, Самар, Алтай, Катонқарағай және Ұлан аудандарында су тасқыны қаупі бар учаскелерге үш рет әуеден бақылау жүргізілген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аумақта әлі де қар қалың. Бұқтырма өзені толықтай мұз құрсауында, кей жерлерде ғана ойықтар байқалады.

Жуықта ТЖД мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Алтай ауданы мен Риддер қаласындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексеріп, қорғаныс құрылыстары мен елді мекендердің дайындығын бағалады.

Келесі әуеден бақылау ертең Марқакөл, Тарбағатай және Зайсан аудандарында жүргізілмек.

Зайсан, Шемонаиха, Тарбағатай және Нарын аудандарында қардың қалыңдығы көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары. Қазіргі уақытта облыс өзендеріндегі гидрологиялық жағдай тұрақты, су деңгейі қауіпті межеден төмен, — делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Қазіргі уақытта су өткізу құбырларының 58%-ы және көпірлердің 71,6%-ы тазартылды. Бұл жұмыстарды 20 наурызға дейін аяқтау жоспарланған. Еріген қар суларын өткізу үшін инертті материалдар, құм салынған қаптар мен құрал-жабдықтар дайындалған.

Өткен дүйсенбіде Тарбағатай ауданындағы «М-38 Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар» облыстық жолында еріген қар суы жол үстінен асып өтті. Алайда, жолды шайып кетуге жол берілмей, көлік қозғалысы қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, облыстағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымды құрайды. Онда төрт мыңға жуық су өткізу құбыры және 250-ден астам көпір бар.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов су тасқынына дайындық бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Тегтер: дайындықсу тасқыныШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған