Өскемендіктер бүгін тағы ауа ластанғанын байқады. Экология департаментінің мамандары қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
15 шілде күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланады, – делінген ресми хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




