«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Журавлиха өзенінің жағалауында аумақты тазарту және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды F16.kz.
Тазалық жұмыстарын жүргізуге 150 адам қатысып, 3 арнайы техника жұмылдырылған. Қатысушылардың бірлескен күшімен жағалау аумағы, демалыс орындары және оған іргелес аумақтар тазартылды. Акция қорытындысы бойынша 3 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.
Журавлиха жағалауы – қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Сондықтан бұл аумақта тазалық пен тәртіпті сақталуы керек. Осындай экологиялық іс-шаралар қоғамдық орындарды ретке келтірумен қатар, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, — дейді ұйымдастырушылар.
«Таза Қазақстан» акциясы ортақ мақсат жолында бейжай қарамайтын тұрғындарды тағы бір мәрте біріктірді.




