F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тазалықтан басталған өзгеріс: Өскеменде жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып келеді

F16 F16
23.04.2026, 10:55
Жаңалықтар, Өскемен, Экология
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Көктем шығып, жер арқасы кеңігелі Өскеменде апта сайын сенбілік өтеді. Кейбір еңбек ұжымдары апта ортасында шығып, қала тазалығына үлес қосып жатады. Бұл құптарлық құбылыс. «Тазалық әркімнің өзінен басталады» деген қағиданы берік ұстанған Шығыс жұрты экологиялық мәдениетті көтеруге ерекше ынталы. F16.kz редакциясы да көппен бірге ортақ іске жұмылып, жалпықалалық сенбілікке атсалысып келеді.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМА ЕКІ АЙҒА СОЗЫЛАДЫ

Кейінгі жылдары облыс орталығында экологиялық бастамалар жүйелі сипат ала бастады. Әсіресе, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан жалпықалалық сенбіліктер тұрғындардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды деуге болады. Бұл үрдіс тек қаланы тазалаумен шектелмей, қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Фото: F16.kz

Биыл 4 сәуірде басталған екі айлық жалпықалалық тазалық акциясы 30 мамырға дейін жалғасады.

Сәуірдің басынан бері әр апта сайын сенбілікке шығып, қоршаған ортаны тазалауға атсалысып келеміз. Егер әр азамат осылай тым құрығанда аптасына бір рет тазалық акциясына шығып тұрса қаламыз да, табиғат та таза болар еді. Ең дұрысы қоқыс тастамау, айналаны ластамау, адамдар осыған мән беруі керек. Экологиялық мәдениетті арттырсақ, сенбіліктер де азаяды,. – дейді экобелсенді Диас Талғатұлы.

Жалпы, сенбілік бұрыннан келе жатқан дәстүр болғанымен, қазір оның мазмұны өзгеріп, экологиялық бағытқа бет бұрғаны байқалады. Мәселен, Өскемендегі жалпықалалық сенбіліктерде тұрғындар аулалар мен қоғамдық орындарды тазалап қана қоймай, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына да белсенді қатысады. Бұл – қарапайым тазалық акциясынан гөрі, қоршаған ортаны кешенді түрде жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыс.

Мамандардың пікірінше, экологиялық акциялардың тиімділігі ең алдымен халықтың қатысу деңгейіне байланысты. Қазір бұл игі бастамаға еріктілер, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары мен қарапайым тұрғындардың көп қатысуы оның жалпыхалықтық сипат алғанын көрсетеді. Нәтижесінде қоғамда экологиялық жауапкершілік қалыптасады.

БҰЛ СЕНБІЛІК, БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕШЕ

Өскемен тұрғыны, зейнеткер Құмар Болатханұлы сенбілікке шығу дәстүрі сонау кеңес заманынан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Бірақ оның бүгінде сипаты өзгеріп, мазмұны байи түскен. Ауқымы кеңейген.

Жас кезімде зауытта жұмыс істедім. Ол кезде бүкіл ұжым, оның ішінде әр цехтың жұмысшылары апта сайын сенбілікке шығып, ең алдымен кәсіпорын аумағын, одан кейін қаланың аудандарын қоқыстан тазартатын едік. Біз үшін бұл мереке болатын. Қазір де сол дәстүр үзілген жоқ. «Таза Қазақстан» ұранымен республика көлемінде өткізіліп келеді. Қандай жақсы, жұрт болып жұмылып, береке-бірлікте жұмыс істейді. Мұндай шаралар тазалықпен қатар адамдарды тәртіпке, ауызбіршілікке, жауапкершілікке үндейді. Үлкендерге қарап жастар үйренеді, өнеге алады. Былай қарағанда жай ғана қоқыс тазалаған сияқты көрінгенмен, бұл игі істің үлкен тәрбиелік мәні, маңызы бар. Өзім де ауланы тазалауға көршілермен бірге шығамын. Тау қопарып тастамасам да бір жағына шығысып, қаптың аузын ашып тұрсам да көмек қой. Қалқайып қария жүрген соң жастар да ұялғаннан болсын келіп еңбектенеді, үйренеді, – деді Құмар қария.

Қазіргі сенбіліктердің бір ерекшелігі санитарлық тазалық жұмысынан бөлек адамдар абаттандыру, көгалдандыру шараларына да атсалысады.

Коммуналдық қызметтер күнделікті қала көшелерін, жаяулар жолын және қоғамдық орындарды тазартып жатыр. Қала билігі бұл кезеңді шаһарды ретке келтіруге бағытталған ауқымды маусымдық науқанның бастамасы ретінде атады.

Содан бері шаһар басшысы әр апта сайын көппен бірге қолына күрек ұстап, қаланың тазалығына үлес қосып келеді.

Фото: F16.kz

Жергілікті биліктің айтуынша, мұндай бастамалар тек тазалық үшін емес, қаланың көркеюі мен тұрғындардың бірлескен жауапкершілігін қалыптастыру үшін де маңызды. Сондықтан тұрғындарға өз аумақтарын сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде таза ұстау қажеттігі айтылды.

Жиналған қоқысты шығаруда аумақтық өзін-өзі басқару орталығының филиалдары көмек көрсететінін айта кету керек. Қала әкімінің тапсырмасымен бұл орталықтарға арнайы техника мен жүк көліктері бөлінген. Ал ауладағы қалдықтарды тұрғындар, ПИК немесе МИБ-тердің күшімен шығарады. Егер қоқысты орталықтандырылған түрде шығару қажет болса, аумақтық филиалға өтініш беріліп, қоқыс көлемі мен орналасқан орны көрсетіледі. Алайда ресурстардың шектеулі болуына байланысты өтініштер кезек тәртібімен және техникалық мүмкіндіктерге қарай қарастырылады. Бұл жұмыстар «Таза Өскемен» кәсіпорнымен бірлесе атқарылады.

Бүгінге дейін облыс орталығынан жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Қала көшелері ретке келтіріліп, қоғамдық орындар, саябақтар мен ескерткіштер тазартылды.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТАЗАЛЫҚПЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙДІ

Кейінгі жылдары елімізде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі экологиялық бастамалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Солардың ішіндегі ең ауқымдысы әрі кең қолдау тапқаны – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. Бұл бастама ел аумағында табиғатты қорғау мәдениетін дамыту, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Акция аясында сенбіліктер өткізіліп, көшелер, саябақтар, өзен-көл жағалаулары мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар ағаш егу, көгалдандыру және жасыл аймақтарды көбейту жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – тек тазалық жұмысын жүргізу емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Яғни тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, табиғатты аялауға және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқаруға үйрету.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жастарды белсенділікке баулитын әлеуметтік жоба ретінде де бағаланып отыр. Көптеген оқу орны, еріктілер ұйымдары және қоғамдық бірлестіктер акцияға тұрақты түрде қатысып келеді. Бұл өз кезегінде жас буынның табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.

Сарапшылардың айтуынша, экологиялық мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол ұзақмерзімді тәрбиелік және қоғамдық жұмыстарды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» акциясы – тек қоршаған ортаны тазалау емес, болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің маңызды құралы.

Фото: F16.kz
Тегтер: F16акцияАқышовӨскеменсенбілікТаза ҚазақстанЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22
Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01
Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30
Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

Ахмерде биыл алты көше жөнделеді

27.04.2026, 11:29

Бас прокурор Қазақстандағы Америка сауда палатасы өкілдерімен және ірі инвесторлармен кездесті

27.04.2026, 10:55

ШҚО-да тағы күн суытады

27.04.2026, 10:19

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған