Қазақстанда мерекелік күндер қатары тағы бір жаңа датамен толықты. Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен тиісті тізбеге өзгерістер енгізілді. Құжатқа сәйкес, енді елімізде жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақ тазысы және төбеті күні атап өтіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Жаңа мереке Қазақстан үшін маңызды мәдени және тарихи маңызы бар ұлттық ит тұқымдары – тазы және төбетке арналған. Олардың генетикалық қорын сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Үкімет мерекенің енгізілуі дәстүрлі мұраны сақтау және насихаттауға бағытталғанын атап өтті.
Қаулы ресми түрде осы жылдың 28 сәуірінен бастап күшіне енеді.




