BI Juldyzai қоры BI Group-тың 30 жылдығына орай қайырымдылық акциясын жариялады. Акция аясында Қазақстанда жасалмайтын ауыр дертке шалдыққан балаларға 300 тегін ота жасалады, деп хабарлайды F16.kz.
Ол үшін Жапония, Қытай, Түркия, Израиль, Беларусь және Ресейден 28 хирург шақырылды. Олар тек операция жасап қоймай, қазақстандық дәрігерлерді де үйретеді.
Аружанның оқиғасын осы жобаның жемісі деуге болады. Күрделі отаның нәтижесінде қыз бала 10 жылдан кейін алғаш рет жүре бастады. Ал оның отбасы аса қымбат операцияның ақысын төлей алмайтын еді. Жобаның арқасында бәрі сәтімен болды. Енді Аружанның өзі де дәрігер болуды армандайды.
Бала денсаулығы – баға жетпес қазына, ал әрбір дені сау бала – тұтас бір отбасының бақыты.




