F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Цифрландыру және ЖИ: ШҚО-да жемқорлыққа қарсы күрес түбегейлі өзгереді

F16 F16
24.04.2026, 10:56
Жаңалықтар, Заң, Қоғам
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатты қалыптастыру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ержан Айқымбеков төрағалық етті, деп хабарлайды F16.kz.

Кездесу барысында қатысушылар 2022–2026 жылдарға арналған қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының орнына келетін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеудің негізгі тәсілдерін талқылады. Бұл құжат мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту аясындағы жұмыстың заңды жалғасы болмақ.

Кеңесті ашқан Ержан Айқымбеков биыл қолданыстағы тұжырымдаманың жүзеге асу мерзімі аяқталатынын атап өтті.

Биыл 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру мерзімі аяқталады. Осыған байланысты агенттік жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу жұмысын бастап кетті. Бұл құжат осыған дейін атқарылған жұмыстың заңды жалғасы болмақ, – деп атап өтті ол.

Жаңа саясаттың басым бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәсілдерін түбегейлі өзгерту және жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын орта құру. Бұл үшін ағартушылық жұмысты кеңейту, мақсатты білім беру бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен пайдалану көзделіп отыр.

Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов бірыңғай цифрлық ортасын қалыптастыру қажеттігін айтты.

Мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйымдардың өзара іс-қимылына арналған бірыңғай цифрлық ортаны қалыптастыру жұмысын жалғастыру қажет. Ол үшін ақпараттық жүйелерді біріктіру және деректермен нақты уақыт режимінде алмасуды жолға қою маңызды. Сонымен қатар екінші бағыт ретінде деректерді бір рет енгізу қағидатын енгізу көзделіп отыр. Яғни мемлекеттік базада бұрыннан бар мәліметтер қайта сұратылмай, ведомствоаралық өзара әрекеттесу аясында пайдаланылуға тиіс, – деді Еламан Мұхтарханов.

Жиында мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірыңғай цифрлық стандартын дамыту, процестердің орындалуын толық бақылау және деректерді талдау мәселелері де сөз болды. Мұндай шаралар басқарушылық шешімдердің сапасын арттырып, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Кеңесте тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылар бұл құбылыстың алдын алу шараларын жүйелі түрде күшейту, сондай-ақ оның ұғымын заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, құқық бұзу жағдайлары туралы хабарлаған азаматтарды қорғауды күшейту және комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру мәселелері көтерілді.

Бүгін мемлекеттік сектор мен квазимемлекеттік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және басқа да өзекті мәселелер талқыланып, мамандар өзара пікір алмасты. Жиынға қатысқандардың барлығы диалогқа белсенді түрде атсалысты. Кеңесте айтылған және алдағы уақытта жазбаша түрде ұсынылатын бастамалар жинақталып, әрі қарай қарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына енгізу үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданады, – деп түйді Ержан Айқымбеков.

Департамент басшысының айтуынша, жаңа тұжырымдама қоғамның әділдікке деген сұранысын ескеріп, «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына негізделуге тиіс.

Тегтер: Topжемқорлықпен күресМемлекеттік қызмет істеріШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00
Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41
Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23
Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

Ахмерде биыл алты көше жөнделеді

27.04.2026, 11:29

Бас прокурор Қазақстандағы Америка сауда палатасы өкілдерімен және ірі инвесторлармен кездесті

27.04.2026, 10:55

ШҚО-да тағы күн суытады

27.04.2026, 10:19

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды: 70 келі «Альфа-PVP» тәркіленді

27.04.2026, 09:00

Аида Балаева: Креативті индустрия Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды бағытына айналып келеді

26.04.2026, 11:30

ШҚО-да экологиялық серпіліс: «Таза Қазақстан» акциясы жаңа деңгейге көтерілді

25.04.2026, 16:43

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған