F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тұмау мен ЖРВИ маусымында не істеу керек?

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
09.10.2026, 10:10
Жаңалықтар
Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау өршитін маусымда не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды F16.kz.

Комитет тұрғындарға аурудың алдын алу шараларын сақтау, медициналық көмекке уақтылы жүгіну және дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану керектігін еске салды.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуға арналған негізгі кеңестер:

  • жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
  • бөлмені үнемі желдету;
  • мүмкіндігінше респираторлық инфекция белгілері бар адамдармен байланыста болмау;
  • ауру белгілері пайда болған жағдайда айналадағы адамдармен қарым-қатынасты шектеу;
  • медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындау;
  • тұмауға қарсы вакцинация жөніндегі ұсынымдарды сақтау.

Үйдегі дәрі қобдишасында не болуы керек:

  • дене қызуын түсіру және ауырсынуды басу үшін парацетамол 500 мг;
  • дене қызуын түсіру, ауырсыну мен қабынуды азайту үшін ибупрофен 200–400 мг;
  • мұрынның шырышты қабатын шаюға және ылғалдандыруға арналған натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі немесе тұзды ерітінді;
  • мұрын қатты бітелген жағдайда қолданылатын тамыр тарылтатын дәрі;
  • ағзадағы сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыруға арналған ауыз арқылы қабылдайтын регидратациялық ерітінділер;
  • дене қызуын бақылауға арналған термометр.

Айта кетейік, рецептімен берілетін вирусқа қарсы препараттарды дәрігердің кеңесінсіз өз бетінше қабылдауға болмайды. Ал антибиотиктер тұмау мен ЖРВИ жағдайларының басым бөлігін тудыратын вирустарға әсер етпейді.

Антибиотиктерді өз бетінше қабылдау микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің қалыптасуына, жағымсыз реакцияларға және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін.

Мамандар бірнеше дәріні қатар қабылдаған кезде олардың мөлшерлемесін мұқият тексеруге кеңес береді. Себебі кейбір препараттардың құрамында парацетамол болуы мүмкін, ал оның шамадан тыс мөлшері ағзаға қауіпті.

ЖРВИ жеңіл өткен жағдайда емделу демалуды, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішуді және симптоматикалық терапияны қамтуы мүмкін.

Ал дене қызуы ұзақ уақыт бойы жоғары болып тұрса, тыныс алу қиындаса, кеуде ауырса, жағдай жақсарғаннан кейін қайта нашарласа немесе басқа да айқын әрі әдеттен тыс белгілер пайда болса, дәрігерге қаралу қажет.

Ерте жастағы балаларға, қарт адамдарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше көңіл бөлу керек.

Бұған дейін қазақстандықтарға қандай жағдайда қабылдауды медбике, ал қай кезде дәрігер жүргізетіні түсіндірілген болатын.

Тегтер: ЖРВИТұмау
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған