F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлан ауданында көктемгі егіс науқанына дайындық пысықталды

F16 F16
03.04.2026, 17:33
Агросектор, Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар, Ұлан
Фото: Дана Әбдікәрімова

Фото: Дана Әбдікәрімова

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл ауданда 120 мың гектардан астам алқапқа тұқым себу жоспарланған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 6,7 мың гектарға артық. Аграрлық саланың дамуына серпін беретін мұндай өсім аудан шаруаларының өнімділігі жоғары екенін аңғартады, деп хабарлайды F16.kz.

Фото: Дана Әбдікәрімова

Бүгін, көктемгі егіс науқанына дайындық барысын пысықтау мақсатында Ұлан ауданының Саратовка ауылында шаруа қожалықтар басшыларының қатысуымен арнайы семинар өтті. Жиында егіс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу, шаруашылықтарды жанармай, тұқым және тыңайтқышпен қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Сала мамандары диқандарға нақты ұсыныстар беріп, алдағы маусымға қатысты жоспарлар нақтыланды.

Фото: Дана Әбдікәрім

Бүгін аудан шаруалары жиылып, көктемгі егіске дайындық мәселесін талқылап жатыр. Ұлан ауданының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы саласы. Шаруа қожалықтары алдағы науқанға техникаларын, жанар-жағармайын, тұқымын қамдап отыр. Бәрі ойдағыдай болса жұмысты дәл уақытында бастаймыз, – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Рустам Садуақасов.

Ауданның егіс құрылымы ежелден дәнді, майлы және жемшөп дақылдарына негізделген. Сарапшылардың айтуынша, мұндай әртараптандырылған құрылым жердің құнарын сақтауға, өнім көлемін арттыруға және нарықтағы сұранысқа бейімделуге мүмкіндік береді.

Биыл ауданда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 39,3 мың гектар алқапқа егіледі. Оның ішінде негізгі үлесті бидай алып отыр – 32,3 мың гектар, ал арпа 7 мың гектар жерге сіңірілмек.

Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытуға қажетті жемшөп дақылдары 45,8 мың гектар алқапты қамтиды.

Фото: Дана Әбдікәрім

Егіс науқанының табысты өтуі көбіне сапалы тұқымға байланысты. Бұл бағытта шаруашылықтар қажетті жұмысты толық атқарған. Барлық тұқым зертханалық тексеруден өткізіліп, сапасы расталған. Жиыны 2715,9 тонна болатын тұқым қорының 77,7 пайызы бірінші класқа, 18,8 пайызы екінші класқа жатады. Бұдан бөлек, өнімділікті арттыру мақсатында шаруашылықтар қосымша 2734,6 тонна жоғары сапалы тұқым сатып алған.

Ұлан өңірі – облыстағы мал және өсімдік шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі саласы жақсы дамыған, Президент тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап отырған алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Бүгінгі семинардың осында өтуі де сондықтан. Алқалы жиынға ауыл шаруашылығы саласының жауапты мамандары, диқандар, шаруа қожалықтарының басшылары және басқа да тұлғалар қатысып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, өнімділікті арттыру мәселелерін талқылады. Ал енді ауданға келсек, Ұланның шаруалары көктемгі егіске сақадай-сай дайын. Салаға бөлінген қаржы толық игеріліп, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын көз жеткіздік, – деді «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» ЗТБ облыстық филиалының жетекшісі, ШҚО әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолда.

Жиынға қатысқан мамандар биылғы егіс науқанына дайындық кешенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Техникалардың дайындығы, тұқым сапасы, агротехникалық талаптардың сақталуы – бәрі бақылауда. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға және ауданның агроөнеркәсіп әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: F16Агросекторауыл шаруашылығыкөктемгі егіссеминарҰлан ауданы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған